Конституциялық реформа – ұзақмерзімді даму негізі

  • 272
  • 05.02.2026, 21:37

Бұл елордалық жастардың пікірі. Бүгін Астанада «Ауыл» партиясының бастамасымен студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастар Ата Заңның жаңа жобасын талқылады. Олар реформаны қолдайтынын айтып, оның идеологиялық маңызын тілге тиек етті. Жиынға қатысушылардың айтуынша, Конституция жобасы «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» тұжырымдамаларын заңды негізде бекітеді.                      

Нұрхат Ораш, «Ауыл» партиясы орталық аппарат басшысының орынбасары:              

-Құжатпен түгелдей дерлік танысып шықтық. Бұл жерде үлкен толықтырулар орын алды. Одан бөлек 84 пайызға жуық конституциялық өзгерістер орын алды. Бұл жерде айта кететін бір дүние қазіргі таңдағы Конституция өте сауатты жазылған Конституция болып табылады.