Елордада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

  • 299
  • 09.02.2026, 21:49

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті. Кездесуде жаңа Конституция жобасы талқыланып, оның қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нормалары сөз болды. Сарапшылар реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Жаңа заң жобасы этностар арасындағы өзара сенімді күшейтіп, ұлтаралық келісімді сақтаудың берік құқықтық негізін қалыптастыратыны айтылды. Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері Конституцияны қабылдауды бірауыздан қолдады. 

Дінмұхаммед Әзімбайұлы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер орталығының директоры:

-Конституция жобасында этноаралық жағдайға ерекше мән беріліп отыр. Этносаралық жағдай Конституцияның преамбуласында, кіріспесінде көрсетілген. Себебі ол мемлекеттік егемендік пен мемлекеттік бірлік туралы ең негізгі қағидаттардың қатарына енгізілген. Тұрақтылығы болып саналады.