Жаңа конституция жобасы – елдің құқықтық жүйесі мен халықаралық имиджін одан әрі дамытуға негіз болатын маңызды құжат. Бүгінгі бас қосқан заңгерлер қауымдастығының өкілдері, халықаралық сарапшылар, ғалымдар мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің мамандары осындай байламға келді. Олар жаңа Ата Заң жобасын талқылап, өз пікірлерін ортаға салды. Ұсыныстар келесі комиссия отырысында қаралады.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:-Халықаралық салада жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар жаңа Конституцияны қолдап жатыр. Өйткені жеке құқықтары болса да, саяси-әлеуметтік құқықтары, бәрі жаңа Конституцияда ашылды. Қазіргі Конституцияда еңбек құқығы деп жазылмаған, бостандығы деп тұр. Қазір еңбек құқығы беріледі деген нәрселерге мемлекет жұмыс тауып беру керек деген маңызды принцип кіргізіліп жатыр.