«Жаңа Ата Заң жобасы – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған стратегиялық қадам», - дейді «Ауыл» партиясының өкілдері. Партия аппараты өңірлерде жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жиын барысында еліміздің ауқымды өзгерістер мен түбегейлі жаңғырулар кезеңіне қадам басқаны айтылды. Басқосуға зиялы қауым өкілдері, аграрлық сала мамандары және партия мүшелері қатысты. Нұрхат Ораш, «Ауыл» партиясы орталық аппарат басшысының орынбасары:
-Конституцияның ішінде маған бір ұнаған жақсы бір тұстары біз болашақты қандай да бір қазба байлықтарға негіздеуіміз қажет емес. Керісінше жаңағыдай адамға, адамның біліміне оның әрі қарай дамуына осыған жаңағы үлкен капитал ретінде алуымыз керек деген тұстары өте қатты ұнады. Себебі кез келген елдің, кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы оның халқы, бұл біздің Конституцияда жазылған.