Жаңа Конституция жобасы БАҚ өкілдерінің талқысына түсті

  • 286
  • 09.02.2026, 21:47

Астанада өткен Бас редакторлар клубының басқосуына алматылық мамандар онлайн қосылды. Жиында сөз бостандығы, еркін ақпарат алу және тарату құқығына байланысты баптар кеңінен қаралды. Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен өткен кездесуде танымал журналист, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев құжаттағы БАҚ-қа қатысты нормалар бойынша өз пікірін білдірді. Медиа саласының жетекшілері жаңа Конституция жобасының заман талабына сай әзірленгенін атап өтті.

Ержан Қалымбайұлы, «Алатау Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры:

-Алматы қаласында шоғырланған барлық, бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын жинап, Конституцияда қаралған, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты, 23-бапқа қатысты өзіміздің ұсыныс, пікірлерімізді бердік. Заман талабына сай жазылған бұл Конституцияның жобасы Қазақстанның болашағы үшін, мызғымастығы үшін, ұлттың ертеңі үшін мәңгі қызмет етеді деп ойлаймыз.