Ғалымдар жаңа Конституция жобасын талқылады

  • 338
  • 12.02.2026, 21:32

Бүгін ресми жарияланған Конституцияның жаңа жобасын ғылыми қауымдастық қолдап отыр. Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен жиында Мәжіліс депутаттары, жетекші ғалымдар мен сарапшылар заң жобасын талқылады. Қатысушылар жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ құжаттың ашық қоғамдық талқылау негізінде әзірленіп, халық ұсыныстарының ескерілгеніне ерекше мән берді. Ғалымдар: «Білім. Ғылым. Инновация» бағыттарының Конституция жобасына енуін жоғары бағалап, ендігі міндет – құжаттың маңыздылығын жастарға кеңінен түсіндіру»,  – дейді.

Индира Рыстина, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры:

-Жаңадан шыққан Конституция  жобасымен студенттердің танысуына мүмкіндік беру және ол кезде оларға қолдау білдіріп жіберу, осы жоба шыққаны туралы айтып, оның қандай маңызы бар екенін айтып,  ол еліміздің болашағына қалай әсер ететінінін түсіндіру біздің оқытушылық парызымыз.