Жаңа Конституция жобасы: халық ұсынысы ескерілді

  • 367
  • 12.02.2026, 21:34

Жаңа Конституция жобасы халық ұсыныстары негізінде әзірленді. Ата Заңға өзгеріс енгізу кезінде ашықтыққа ерекше мән берілді. «Талқылау барысында ел тұрғындарынан 10 мыңнан астам ұсыныс түскен»,- дейді Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев. Жауапты органдар оларды саралап, едәуір бөлігін заң жобасын жетілдіру кезінде ескергенін мәлімдеді.

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өзінің ұсыныстарын айтып жатқан адамдар көп. Мына 95 баптың негізгі талқылауы да, қызығушылығы да 10–15 баптың айналасында болып жатыр. Соның ішінде 8-тармақ, 9-тармақ. Тіліміз бар, жер байлығымыз бар, мына денсаулық сақтау саласының мәселелері бар, оқу-ағарту саласының мәселелері бар. Халық қандай мәселелерге назарын аударып жатыр, соны біздер комиссия жұмысында байқадық. Осы Конституцияның жаңа жобасын қоғамның сұрақтарына жауап ретінде қалыптастырдық.