Шымкентте де ғалымдар мен сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады. Жиында Ата Заңға енгізілген өзгерістер және оның әлеуметтік сала мен білім беру жүйесіне оң ықпалы туралы айтылды. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік пен азаматтардың құқығын қорғауға арналған баптар талқыланды. Басқосуда сарапшылар жаңа Конституцияда тұрғын үйден шығарып жіберуге тыйым салу туралы норма енгізілгеніне ерекше назар аударды.
Қайрат Анарбаев, Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің департамент директоры:
-Киберқауіпсіздік мәселелері, цифрлық сауаттылық мәселелері барлығы осы Конституцияда көрініс тапқандығы, сонымен бірге адам құқықтары, қазір ең адамдардың қоғамдағы көп талқыланатыны баспана болатын болса, баспанадан да соттың шешімінсіз ешқандай да тартып алуға, қуып шығуға болмайтындығы туралы айтылған баптар, бұл қарапайым халықтың көңілінен шықты ғой деп есептеймін.