Қазақстанда 15 наурызда Конституцияның жаңа жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Халық таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін дауыс бере алады. Орталық референдум комиссиясы дайындық кестесін бекітті. Оған сәйкес, үгіт-насихат кезеңі 12 ақпанда басталып, 14 наурыз сағат түнгі 00:00-де аяқталады. 21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы мен референдум учаскелері шекарасы туралы мәлімет жарияланады. Ал 22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізім ұсынылады. 27 ақпан-4 наурыз аралығында азаматтар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабар алады. 12-14 наурызда бюллетеньдер учаскеге жеткізіледі. Ал 14 наурыз Тыныштық күні деп жарияланбақ.