Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енді. Атап айтқанда, саяси партиялардың орталық және өңірлік құрылымдары, республикалық қоғамдық бірлестіктер, Парламент және мәслихат депутаттары, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар бірлестіктері. Жиынға қатысқандар Жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйе архитектурасын қоғам сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртатынын атап өтті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы:
-Қазақстанның жаңа Конституциясы, осы іргелі реформалардың шырқау шыңы. +Халықтың мұң-мұқтажы, талап тілегі мен үміт сенімі ұштасқан тарихи құжат.
Ерлан Қарин, ҚР мемлекеттік кеңесшісі:
- Жаңа Конституцияда қарапайым адамдардың мүддесіне бағытталғанын көрсетеді. Себебі мемлекеттің басты қазынасы да, тірегі де оның азаматтары. Бұл жаңа Конституцияда нақты айқындалды.