Қазақстан өңірлік цифрлық орталыққа айналып келеді. Біріккен Ұлттар ұйымының электрондық Үкіметті дамыту индексінде 193 елдің ішінде 24-ші орында. Онлайн-қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі ең үздік ондыққа кіреді. India AI Impact Summit 2026 саммитінде сөз сөйлеген Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландырудағы Қазақстан жетістіктеріне тоқталды. Сондай-ақ Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөздер жүргізді. Сауда және инвестициялар, энергетика, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 923,3 миллион долларды құрады. Қазақстан Үндістан нарығына 40 тауар түрі бойынша 150 млн долларға өнім жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын.