Таңғы Вашингтонда тұман түсіп, күн күрт суып кетіп еді. Дәл қазір Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы өз кезегімен жүріп жатыр. Сол кеңестің ғимаратына бастайтын мына күретамыр жолдардың бірі қазір жоғарғы деңгейдегі кептеліске тап болып отыр. Бұл кеңестің алғашқы отырысы негізінен жабық есік күйінде өтіп жатыр. Қатысушы мемлекеттердің барлығы дәл сол Газаға бөлінетін гуманитарлық көмекті және оны қайта қалпына келтіруге қатысты қаражатты ресми түрде бекітуде жоспарлап отыр.
АҚШ Президенті Дональд Трамп осыған дейін әлеуметтік желідегі постында дәл осы мемлекеттердің 5 млрд АҚШ долларынан астам қаражатты жинайтынын мәлімдеген еді. Бұдан бөлек дәл осы Газа секторын қайта қалпына келтіру жолында ол жақтағы әкімшілік тәртіпті, дәл осы құрылымды осы кездесу барысында қарастыратынын АҚШ Президенті мәлімдеген еді.
Ердана Ержанұлы, Эндрю Фанг