Жиында Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қаралды. Отырысқа дипломатиялық корпус, халықаралық компаниялардың өкілдері және мемлекеттік органдардың басшылылары қатысты. Олжас Бектенов ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуал құруға ниетті екенін атап өтті. Инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, өндірісті локализациялау мәселесі талқыланды. Сондай-ақ Премьер-министр Қазақстанда жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Қазақстан маңызды саяси кезеңнен өтуде. Жаңа Конституция Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларын айқын көрсетеді. Үкіметтің негізгі міндеті – азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа инвестициялық циклді толыққанды іске қосуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.