Референдумда кедергісіз дауыс беру қамтамасыз етіледі

  • 224
  • 23.02.2026, 21:46

Алдағы референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беру процесі бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың конституциялық құқықтарын толық іске асыруы үшін барлық қажетті жағдай жасалады. Дауыс беру учаскелерінде Брайль қарпіндегі арнайы трафареттер, бюллетеньдерді толтыруға арналған аудио нұсқаулықтар және сурдоаудармамен әзірленген ақпараттық материалдар қолданылады. Сонымен қатар Конституция жобасының мәтіні аудио сүйемелдеумен ұсынылады. Комиссия төрағасы бұл шаралар әр азаматтың кедергісіз әрі дербес дауыс беруіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі ресми өкілі:

- Барлық мүгедектігі бар азаматтарға арналған инватаксидің біріншіден тегін, екіншіден оның саны көбейтілетіні жайлы айтты. Өздеріңіз білесіздер, бізде әр өңірлерде мүгедектігі бар азаматтардың саны көп. Алайда дауыс беретіндердің саны 50 мыңнан асады. Сондықтан 15 наурыз күні бұл кісілерге инватакси толық қамтамасыз етіледі.