Жаңа Конституция жобасында ғылым мен инновация басымдыққа алынды

  • 223
  • 23.02.2026, 21:33

Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет ғылым мен инновация мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Сенат депутаттары Петропавлда ұстаздар қауымымен кездесіп, маңызды құжатта көрсетілген білім беру саласына қатысты ұсынылған негізгі бағыттарды талқылады. Онда білім, ғылым мен инновация елдің жоғары құндылығы ретінде белгіленген. «Бұл салалардың бөлек норма болып бекітілуі жаңа технологиялар мен жасанды интеллект дәуірінде адамдардың бәсекеге қабілетті болуына жол ашады»,- дейді депутаттар. Кездесу кезінде олар еңбек ұжымының сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірлерін тыңдады.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Ұстаздар қауымына қатысты біраз жаңалық бар екендігін айта кетуіміз керек. Оның ішінде негізінен білім мен ғылым мәселесі Конституцияның негізгі кіріспесіне приамбуласына еніп отыр. Сонымен қатар елімізде Конституция адами капиталды дамытумен бірге білім мен ғылымға ерекше назар аударылып отыр.