Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған. Жиында құқықтық сауаттылықты арттыру, конституциялық өзгерістердің мәнін терең пайымдау және олардың қоғам дамуына ықпалы талқыланды. Сонымен қатар білім мен ғылымды ілгерілету, мәдени өрлеу және инновациялық серпін Конституция жобасының өзегіне айналғаны айтылды. Ашық диалог алаңында цифрлық дәуірдегі адам құқықтарын қорғау тетіктері де талқылады.
Жамаладен Ибрагимов, заң ғылымдарының докторы, профессор:
- Жалпы заң жасалған кезде ол бағыттағы әлемдік ең озық елдердің конституциясына талдау жасалады. Бірақ Конституцияның шетелдік тәжірибесіне талдау жасау деген ол нормасын көшіріп алу деген емес. Бұл қазір жоба. Біздің азаматтар дұрыс түсіну керек. 15 наурыздағы референдумға қатысып, біздің азаматтар дауыс берген кезде бұл жоба заңға айналады.