Жаңа Конституция жобасында еңбек құқығы заңмен қорғалмақ

  • 10
  • 26.02.2026, 21:39

Жаңа Конституция жобасында адамның еңбек құқығы нақты айқындалып, заңмен қорғалмақ. Бұл жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейтеді. Әрі еңбек қатынастарындағы жауапкершілік пен тұрақтылықты арттыруға негіз болады, «Qazaqmetal» кәсіподағының өкілдері. Олардың пікірінше, аталған өзгерістер өндіріс саласындағы әлеуметтік әріптестікті жаңа деңгейге көтереді. Сондай-ақ еңбек дауларының алдын алып, қызметкерлер құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Асылбек Нұралин, «Qazaqmetal» кәсіподағының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жаңартылған Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандыққа кепілдіктерін күшейтеді. Онда базалық қағидаттар бекітіліп, қоғамдық институттардың рөлі нақтыланып, ел дамуының негізгі бағыттары айқындалады.