Көкшетауда жалпыхалықтық коалиция мүшелері еңбек ұжымымен кездесті

  • 12
  • 26.02.2026, 21:33

Көкшетауда жалпыхалықтық коалиция мүшелері «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының ұжымымен кездесті. Жиында қоғам талқысына түскен маңызды құжат кеңінен түсіндірілді. Басқосуда жаңа Конституцияның нормалары талқыланып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтары сөз болды. Өңірлік коалиция мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырады. Олар бұған дейін 20-ға жуық еңбек ұжымымен кездесті.

Аманбай Сейітқасымов, тарих ғылымдарының кандидаты:

- Бұл Ата Заң жай ғана азаматтардыкі емес, болашағымызға, ұрпағымызға керек заң ғой. Ертең келешекке жұмыс істейтін заң. Өйткені заң мықты болса, Ата Заңымыз күрделі өте мазмұнды болса, мен ойлаймын қоғамда мықты болады ғой деп. Соған байланысты халықтың түсінігі, қабылдауы өте жақсы.