Сенаторлар Жезқазғанда референдумның маңызын түсіндірді

  • 11
  • 26.02.2026, 21:34

Сенат депутаттары жезқазғандық жұмысшылармен кездесті. Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев кен байыту фабрикасында өткен іс-шарада референдумның маңызын түсіндірді. Сенаторлар жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталып, азаматтардың, әсіресе еңбек адамдарының құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға ерекше басымдық берілгенін айтты.

Серік Шайдаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Біздің бүгініміз бен ертеңімізді бағдарлайтын стратегиялық маңызды құжат. Сондықтан бұдан бей-жай қалып жатқан адам жоқ. Барлығы референдумға қатысамыз, қолдаймыз айтып жатыр.