Сербия Президенті Астанаға келді

  • 13
  • 26.02.2026, 21:30

Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Александр Вучич мырзаның ресми сапары аясында саяси диалог, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі саналады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6% өсіп, $107 млн доллардан асты. Айта кету керек, Қазақстан мен Сербия арасында дипломатиялық байланыстар 1996 жылдан бері өзара құрмет, тиімді серіктестік пен достық рухында жалғасып келеді.