2 наурыз – Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болған күні

  • 10
  • 02.03.2026, 21:30

Қазақстан тарихындағы аса маңызды күндердің бірі. 1992 жылғы 2 наурызда еліміз әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына қабылданды. Айта кетейік, ол 1945 жылы құрылған. Бас кеңсесі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан. Қазіргі уақытта оның құрамына 200-ге жуық мемлекет кіреді. Ұйымның қолдауымен қарусыздану, экономика, экология, бейбітшілікті сақтау тақырыптарына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ гендерлік теңдік, терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда оның басты ұстанымы. Қазақстан 2017-2018 жылдары ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайланды. Оған қоса бітімгершілік миссияларына да белсенді қатысушы.