Мәулен Әшімбаев ЕҰУ студенттермен жаңа Конституцияны талқылады

  • 11
  • 02.03.2026, 21:41

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Іс-шарада жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары және оларды іске асырудағы жастардың рөлі талқыланды. Сондай-ақ әлеуметтік-саяси трендтер мен сын-қатерлер де сөз болды. Мәулен Әшімбаев қазіргі жаһандық тұрақсыздық пен технологиялық өзгерістер Қазақстаннан жедел бейімделуді және басқару жүйесін қалыптастыруды талап ететінін атап өтті. Кездесуде референдум өткізу жаңа тарихи кезеңнің басталатынын білдіретіні айтылды. Бұл қадам партиялық жүйені, мәслихаттардың әлеуетін және азаматтық диалог институттарын нығайтуға серпін бермек. Жоғары палата басшысы Конституцияны жаңарту саяси архитектураны ғана емес, қоғамның әлеуметтік негіздерін де терең трансформациялауға ықпал ететінін де тілге тиек етті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Жаңа Конституциямыздың жобасы алдағы сын қатерлерді назарға ала отырып, еліміздің негізгі даму қағидалары мен бағдарын айқындап берді. Онда тәуелсіздік пен егемендікті қорғау негізгі басымдық ретінде бекітілген. Қоғамдық келісімге, өзара диалог пен сыйластыққа баса мән берілген. Ұлттық бірегейлігімізді нығайту, мемелкеттік тілімізді дәріптеу, патритизді қолдау қағидалары айқындалған. Бір сөзбен айтақнда, жаңа ата заң жобасы Қазақстан болашағының мафесі деуге толық негіз бар.