Семейде ұстаздар қауымымен Сенат депутаты Қайрат Тастекеев кездесті. Жиында Жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызы сарапталды. Сенатор 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Жаңа Ата Заңда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгеріс қарастырылған. Адам құқықтарының қорғалуы нақты айқындалған. Бұл қоғамды дамытуға бағытталған нақты қадам.
Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Талқылай келе қазіргі кезде 77 бапқа өзгеріс енгізілді. Бұл деген Конституцияның 84 пайызы жаңарады деген сөз. Қазақстандықтардың көкірегі ашық, білімді, бүгінгі кездесуде ұстаздар қауымы өте қолдап отыр. Ол Президенттің саясатын қолдау, жақсы түсіну деп қабылдаймын.