Жаңа Конституцияда ең алдымен елдігіміз айқындалған. Халықтың талқысына ұсынылған жобада байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтаған біртұтас мемлекет ретінде көрсетілді. Сонымен қатар төл теңгеміз ұлттық валюта ретінде бекітіліп, неке ер мен әйелдің ерікті одағы деп нақтыланған. Адам құқықтары да кең ауқымда қарастырылып, алғаш рет «цифрлық құқық» деген ұғым енгізіліп отыр. Қабылданғалы отырған Ата Заңдағы осындай жаңашылдықтар Жетісу облысы тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды. Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев пен аймақтық коалиция мүшелері мемлекеттің басты құжаттын талқылап артықшылығын атап өтті.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Жаңа Конституцияның әрбір нормасы әрбір бабы осы біздің азаматтарға бағытталған. Сол себептен ол жерде мемлекеттігіміз, мемлекеттік биліктің теңгерімдері, сот прокуратура жүйесі, сонымен қатар құқық жүйесіндегі ғылыми жағдайлардың барлығы қарастырылған. Сол себепті бұл Конституция халық үшін керек.
Гүлден Жексенбинова, Көксу ауданының тұрғыны:
-Отбасы мәселесі қарастылып жатыр. Неке дегеніміз әйел адам мен ер адамның бірлестігі деп, бұл да өте орынды деп ойлаймын. Өзге шет мемлекетке еліктеу болып жатыр жастарда. Осының алдын алып тізгіндейді деп ойлаймын.