БАӘ-нен 312 отандасымыз аман-есен оралды

  • 10
  • 05.03.2026, 21:37

Алматыға Біріккен Араб Әмірліктерінен екі эвакуациялық рейс қонды. Әмірліктердің Шарджа қаласынан шыққан ұшақтар 312 отандасымызды аман-есен елге жеткізді. Олардың арасында екі жасқа толмаған бүлдіршіндер де бар. Отандастарымызды эвакуациялау барысында басымдық ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, көпбалалы ата-аналар мен қарт кісілерге берілді. Ұзақ жолдан шаршаған туристерді Алматы әуежайында туған-туыстары асыға күтіп алды.

Бекмұрат Жұмаділов, жолаушы:

- Түнімен біздің елшіліктің азаматтары қасымызда болды. Рақмет барлықтарыңызға. Әлеуметтік желіден көріп жатырмыз ғой, басқа елдің азаматтары бізге қазақ болғандарыңыз қандай жақсы, сіздерді бірден іздеп, шығарып жатыр деп қызығып жатыр.

Гүлжамал Жолдасова, жолаушы:

- Бізге екісінен кейін біз қонақүйден шығуымыз керек. Ал ол кезде бізге мемлекет көмектесіп, екі күнге жататын орынды, екі күнге тамақты берді. Біздің Қазақстанымыздың, мемлекетіміздің басышысына көп-көп рақметімізді айтамыз.