Ақтауда жаңа Конституция жобасы талқыланды

  • 27
  • 06.03.2026, 21:40

Ақтау жұртшылығы «Әділетті Конституция - қуатты мемлекет» атты сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады. Аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай жүргізген жиынға мәслихат депутаттары, қоғамдық-саяси ұйымдар мен белсенді азаматтар қатысты. Кездесу аясында өңірде Конституция жобасын түсіндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыс баяндалды. Айта кетсек,  Маңғыстауда 13 ақпаннан бері облыстық, 2 қала және 5 аудандық коалиция жұмыс істеп келеді. Оның құрамына ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, түрлі сала мамандарын қоса алғанда 237 адам енген. Көпшілікке түсіндіру шаралары арнайы кестеге сәйкес жалғасуда. Референдум күніне дейін 600-дей шара өткізу жоспарланған.

Әділет Сағидоллаұлы, Жаңаөзен қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:

-Алдағы уақытта біздің еліміз үшін, жеріміз үшін қандай ықпал ететін, және қандай өзгерістер туғызатын, қандай мәселеде біздің халқымызды, Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғайтынын осы дөңгелек үстел үстінде талқылау үстіндеміз. Үлкен жоба болып жатыр. Осы заң жобасындағы айтылған нәрселерді бөлек бөлек талқылап жатырмыз.