Ақтөбе облысында 528 референдум учаскесі жұмыс істейді

  • 16
  • 10.03.2026, 21:32

Ақтөбе облысында 15 наурызда халыққа қызмет көрсету орталығының көшпелі тобы жұмыс істейді. Дауыс берушілерді тіркейтін арнайы 10 мобильді топ құрылған. Алдағы жексенбі күні облыста 528 дауыс беру учаскенің есігі айқара ашық болады. Саяси науқанға қатысуға құқығы бар 577 мыңнан астам өңір тұрғыны тіркелген. Ал комиссия құрамында 3534 адам бар. Олар тиісті емтихан тапсырып, сертификат алды. Қазіргі таңда дауыс беруді бастау және аяқтау уақытын белгілеп, сайлау учаскелерін бекітті. Облыста сотталғандырдың жаза өтеу орындары мен әскери бөлімдер және медициналық мекемелерде 14 жабық референдум учаскесі жұмыс істейді. 

Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық референдум комиссиясының төрағасы:
-Еш жерде есепте жоқ, тіркеуде жоқ, пропискада жоқ деген адамдар келіп қалып жатса, мысалы, ондай да адамдар болады, соны өздері сол референдум комиссиясы орналасқан ғимаратқа бір күнге есепке қояды да оларға дауыс беру құқығын береді.