Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. Онда 50-ден астам елдің басшылары бейбіт атомның энергетика мен климатқа әсерін талқылады. Франция Президенті Эммануэль Макрон ядролық энергияны инновация мен экономикалық өркендеудің факторы деп атады. Ал Ерлан Қошанов болса, Қазақстанның бейбіт атомды дамытудағы тәжірибесі мен жобаларын таныстырды. Жалпы саммит барысында бейбіт атомды дамыту бойынша бірлескен декларация қабылдау бастамасы қолдау тапты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
-АЭС салу жобасын іске асыру халықаралық консорцум құруды көздейді.