Салық кодексі қалай іске асады? Бұл сұрақ Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық Экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 8-ші отырысында атқарылған жұмыстардың алдын ала қорытындысы айтылды. Құжат нормаларын орындауға қатысты 60 мәселе қаралған. Атап айтқанда, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде қосымша құн салығын қолдану, әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді салықтан босату жайы да сөз болды. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті және «Самұрық-Қазына» оңайлатылған декларация салық төлеушілерден тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты қағидаларындағы өзгерістерді пысықтауда. Бұдан өзге, салық режимдерін өзгерту, қаржы секторы және өзге де мәселелер тез шешілді.