Елімізде өтетін референдумды ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58 халықаралық байқаушысы қадағалайтын болады. Олар15 наурыз күні Астанада, өңірлер мен шетелде соның ішінде Ресей, Франция және Италияны қоса алғанда 9 елде жұмыс істейді. Дауыс беру аяқталғаннан кейін қорытынды есеп бермек. Халықаралық демократия және азаматтардың құқықтары мониторингі институтының сарапшылары оларға әдістемелік материалдар дайындаған.