Жетісу облысында жаңа Конституцияны насихаттауға арналған форум өтті

  • 22
  • 11.03.2026, 21:40

Жетісу облысының жастары жаңа Конституцияны насихаттауға арналған форум өткізді. «Zhetysu Youth Forum 2026» деп аталған жиынға ҮЕҰ мүшелері, оқушылар, студенттер мен еріктілер қатысты. Басқосуда Ата Заңдағы өзгерістер талқыланып, алғаш рет волонтерлік қызметке қатысты жеке тармақ енгізілгені айтылды. «Мемлекеттік құжаттағы мұндай толықтыру қоғамдағы волонтерлік мәдениетті дамытуға ықпал етеді», - дейді жастар. Кездесуде қоғам белсенділері аймақ жастарын «Халықаралық волонтерлер» жылында көптеп ізгі амал жасауға әрі референдумда белсенділік танытуға шақырды.  

Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» КММ директорының орынбасары:

-Реформаның 31-баптың 2-тармағында осы волонтерлікке еріктілікке қолдау көрсетілетіні айтылған. Бұл бір маңызды қадам екенін түсініп отырмыз. Себебі волонтерлік дегеніміз бұл өзіміздің қанымызда бар қазақ ұлтының қасиеті болып табылады.