Конституциялық реформа: Сенаторлар 600-ге жуық кездесу өткізді

  • 10
  • 11.03.2026, 21:33

Сенат Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан барлық реформаны әрқашан қолдайды. Сенат отысында жоғары палата төрағасы осылай деді. Сондай-ақ жаңа Конституция – саяси институттарды жүйелі жаңғыртуға және елімізді заманауи әрі тиімді басқару моделіне кезең-кезеңімен көшіруге бағытталған тарихи қадам екенін тілге тиек етті. Сенат депутаттары жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру үшін республика бойынша 600-ге жуық кездесу өткізген.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдарда ауқымды жаңғыртуларды жүзеге асырдық. Конституциялық реформа осы жүйелі өзгерістердің дәйекті жалғасы. Басты мақсат – Тәуелсіздікті күшейту, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Жаңа Ата Заң жобасында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде айқындалып отыр. Сенаторлардың өңірлерге сапарының қорытындысы  халықтың жаңа Конституция жобасын қолдайтынын көрсетті. Шын мәнінде, бұл ортақ жауапкершілік кезеңі. Осы жолда халқымыз ауызбіршіліктің биігінен көрінеді деп сенеміз.