Қазақстан бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

  • 9
  • 15.03.2026, 08:08

Ел бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі құрылған. 12,5 миллионға жуық қазақстандық таңдау жасауға құқылы. Дауыс беру парағында жазылған бір-ақ сұраққа жауап беру керек. Яғни жаңа Конституция жобасын қабылдай ма, жоқ па – соны таңдайды. Резервті есепке алғанда 12 миллион 586 мың 413 бюллетень дайындалды. Ал шетелде жүрген отандастар үшін 54 мемлекетте 71 дауыс беру учаскесі ашылды. Онда тіркелген сайлаушылар саны – 14 мың 230 адам. Жалпы референдум барысын 38 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан келген 359 халықаралық байқаушы бақылайды.