Елордалықтар өз таңдауын жасап жатыр

  • 8
  • 15.03.2026, 08:06

Астана қаласы бойынша 501 дауыс беру учаскесі бүгін сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Соның бірі №129 референдум учаскесінде Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин дауыс берді. Айта кету керек, бас қалада 1 миллион 10 мың 549 электорат бар. Демалыс күніне қарамастан, таңғы жетіден бері елорда тұрғындарының біраз бөлігі өз таңдауларын жасап жатыр. Халықаралық конвенцияға сай мүгедектігі бар азаматтарға да барлық жағдай жасалған.

Бейсембай Жумабеков, қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

- Мүгедектігі бар азаматтарға бізге Астанада барлық жағдай қарастырылған. Оның ішінде жаңағы кабиналары, Брайль қаріптері, содан кейін жаңағы көзі көрмейтін азаматтарға формалар бар. Барлық учаскеде бұл нәрселердің барлығы бар. Инвотаксилер, осы Астана қаласы бойынша 126 такси жұмыс жасайды.