Ел бойынша алғаш боп ашылған референдум учаскелерінің бірі Ақтөбе облысында. Мұғалжар ауданындағы Жағабұлақ пен Саға ауылындағы №330 және №332 дауыс беру учаскелері таңнан бері жұмыс істеп тұр. Елді мекен іргесіндегі вахта қалашығында тұрып жатқан мұнайшылар да конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге тиіс. Елден бұрын ашылған референдум учаскесінде дауыс беру қалай өтіп жатыр?
Мұнайшылар күнделікті кестеге сай өндіріс орнына бет алмас бұрын референдум учаскесіне келіп жатыр. Қызметтік автобустармен жеткен жұмысшылар лек-легімен тоқтап, жұмысшылар өз таңдауын жасауда. Дәл қазір Жаңажол деп танылған кен орнында 3 мыңға жуық адам вахтада жүр. Сондықтан олар екі учаскеге тіркелді. Біз тұрған Саға ауылындағы референдум учаскесінің төрағасы Римма Аманғалиқызының сұхбатына назар аударайық.
Римма Жұмағалиева, №332 референдум учаскесінің төрағасы:
-Жалпы Мұғалжар ауданына қарасты Батпақкөл ауылдық округінде мұнай мен газ өндіретін ірі үш компания бар. Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмысшылар саны бес мыңнан асады. Саяси науқан кезінде өндіріс орнында жүрген мамандар жақын маңдағы учаскеге алдын ала тіркелді. Міне өзінің таңдауын жасаған жұмысшылардың бірімен сұхбаттассақ.
-Қайырлы таң. Референдум күні жұмыста болатыныңыз алдын ала мәлім болды ғой. Есептен шығару куәлігін алып, дауыс беру учаскесіне өзіңіз келіп тіркелдіңіз бе?
Нұрымжан Бақытжанов, мұнайшы:
-Сұхбатыңызға рақмет. Міне кезекті дауыс берушілер кіріп жатыр. Бұл азаматтар түнгі ауысымнан келген жұмысшылар. Жалпы Ақтөбе облысында белгіленген уақыттан бір сағат бұрын ашылған 3 референдум учаскесі бар. Екеуі вахта қалашығы маңында болса, тағы біреуі әскери бөлім аумағында. Мұнайшыларға арналған учаскелер 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақтөбе облысынан тікелей байланыста болған Мансұр Есқожин.