Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бесінші референдум өтіп жатыр

  • 18
  • 15.03.2026, 08:13

Бүгінгі науқан – еліміз Тәуелсіздік алғалы өткізіліп отырған 5-ші референдум. Алғашқысы 1995 жылы 29 сәуірде өткен еді.

 «1991 жылғы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» деген сұрақ қойылған еді. Сайлаушылардың 95,46% қолдап, Президент өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылған. Одан кейінгі референдумда «1995 жылы 1 тамызда баспасөзде жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ болды. Оған сайлаушылардың 90% «иә» деп жауап берген. Араға 22 жыл салып 2022 жылдың 5-ші маусымында республикалық референдум өтті. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылып, халықтың 77,18 проценті қолдап дауыс берген. Қазақстан тарихындағы төртінші референдум атом электр станциясын салуға қатысты болды. Бұл референдумда дауыс бергендердің шамамен 71,12% атом электр станциясын салуды қолдап, дауыс берді.