Ел бойынша 622 арнайы дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

  • 11
  • 15.03.2026, 08:10

Республика бойынша 92 жабық учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6-да басталды. Бұл негізінен әскери бөлімдер, кейбір вахталық кенттер мен ауысым кестемен жұмыс істейтін адамдар тұратын бірнеше учаске үшін ұйымдастырылды. Жалпы ел бойынша 622 арнайы дауыс беру учаскесі қарастырылған. Олар медициналық мекемелерде, соттарда, тергеу изоляторларында және басқа да нысандарда орналасқан.