Бүгін Қазақстан азаматтары ел болашағы үшін маңызды шешімді қабылдайды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин жалпыұлттық референдумға қатысып, азаматтық міндетін орындады. Ол өз таңдауын елордадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы №129 учаскеде жасады.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
-Біз қандай қоғамда өмір сүреміз, қандай қағидаттар мен құндылықтар нәтижесінде әрі қарай дамимыз. Осы мәселелер бойынша бүгін менің ойымша маңызды шешімдер қабылданатын болады. Соңғы төрт жылда осымен үшінші рет өткізіліп отырған референдум. Мемлекет басшысының кезінде елімізге қатысты осындай маңызды шешімдер жалпыхалықтық диалог, референдум барысында шешілу керек деген қағидаты енді күнделікті саяси өміріміздің нормасына айналды.