Түркістандықтар референдумға белсенді қатысып жатыр

  • 17
  • 15.03.2026, 12:07

Халқы тығыз қоныстанған Түркістан облысында да референдумға қатысып, таңдауын жасап жатқандардың қарасы қалың. Таңмен таласа тұрып, референдум учаскесін бетке алғандардың ішінде түрлі саланың өкілдері мен ерекше кейіпкерлер де бар. Мәселен, ұлттық киім киген ақжаулықты әжелер,  «Тұран» футбол командасының ойыншылары және алғаш дауыс берушілер мен театр ұжымдары қаладағы №133 учаскеге барып, таңдауын жасады. Ал №105 референдум учаскесінде тіркеуде тұрған жастар робот трансформер және ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп келіп, дауыс берді. Көпшіліктің көңілін көтеріп, ата-анасына ере келген бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады. Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі болса, соның 65-і облыс орталығында орналасқан.

Мақсат Арыстанбек, қала тұрғыны:

-№105 учаскесінің тұрғындары осылай референдумға келіп, жастар болып күшті киімдеріп киіп келдік. Өрмекші адам және әріптестерім де бар, жұрттың көңіл күйін көтеру үшін келдік. Дауыс бердік, өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің болашағына бейжай қарамаймыз.