Ел бойынша Ішкі істер органдары республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге тиіс. Барлық жеке құрам күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Референдум барысынан Орталық референдум комиссиясы 2 сағат сайын мәлімет жариялап отыр. Соңғы ақпаратты қазір бізбен тікелей байланысқа қосылған әріптесім Алуа Маханбет баяндауға әзір.
Алуа Маханбет, тілші:
- Қайырлы күн, Мөлдір! Иә, біз дәл қазір Орталық референдум комиссиясынан тікелей эфирге шығып тұрмыз, басталды. Соңғы мәліметтер бойынша, референдумға қатысушылардың 19,21% өз таңдауларын жасады. Яғни референдум учаскелеріне 2 393 844 адам келіп, дауыс берген. Солардың ішінде Қарағанды облысының тұрғындары белсенділік танытты. Мұнда дауыс беру құқығы бар тұрғындардың 26,64% өз таңдауын жасаған. Ал екінші кезекте Қызылорда облысының тұрғындары тұр. Ондағы дауыс бергендер саны 24,02% жеткен. Сондай-ақ Ақтөбе, Жетісу облыстары және Шымкент қаласының тұрғындары белсенділік танытып отыр. Айта кетейік, бүгінгі референдумда 12,5 млн-нан астам азамат дауыс бере алады. Ал дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Міне, дәл қазір Орталық сайлау комиссиясының төртінші брифингі өтіп жатыр. Соңғы мәліметтер бірер минуттан соң белгілі болады.