ШҚО-да 533 дауыс беру учаскесі ашылды

  • 25
  • 15.03.2026, 12:09

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 533 дауыс беру учаскесі ашылды. Өңірде жалпы 485 мыңнан аса дауыс беруші тіркелген. Өскеменнің өз басында 129 учаске жұмыс істеп жатыр. Мұнда әсіресе ең жаңа ықшам ауданда референдумға қатысушылар  белсенділігі жоғары. Үш бірдей дауыс беру учаскесі орналасқан №46 мектепке ағылғандар өте көп болды. Тіпті бір топ қария дауыс беру алдында бір-бірімен көрісіп, Амал мерекесін атап өтті. Ақ жарма тілектерін арнап, ыстық ықыластарын жеткізді. Шашу шашып, ән шырқап келіп жатқан тұрғындардың көңіл күйін де  көтеріп тастады. Осындай көрініс арқылы аға буын өкілдері ұлттық дәстүрді насихаттай жүруді жөн санапты. Сәні мен салтанаты келіскен қариялар соңында өз дауыстарын беріп шықты. Жастар да қалыс қалмады. Алғаш рет дауыс беру құқығына ие болып жатқан қыз-жігіттер де референдумға қатысты.

Альбина Сарарқанова, №97 дауыс беру учаскесінің комиссия төрағасы:

-Таңертеңнен бері міне өте жақсы қарқынды дауыс бершілер келіп дауыс беріп жатыр. Олардың ішінде жас отбасылар бар, егде жастағы адамдар бар, ұлттық киіммен келіп жатқандары да бар, жақсы көңіл күйде келіп жатыр. 18-ге жаңа толған жастар да бар, дауыс беруге бірінші рет келген. Мүгедектігі бар адамдарға барлық жағдай жасалған.