Астанада Қазмедиа орталығында таңғы 9-дан бері «Референдум - 2026» онлайн марафоны өтіп жатыр. Ол түнгі 1-ге дейін жалғасады. 16 сағатқа созылатын іс-шара барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, ел дамуы үшін маңызды деген бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. 5 түрлі алаңда 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсенділері мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді. Марафон республикалық, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларында тікелей көрсетіліп жатыр. KHABAR NEWS ютуб-арнамыздан да көре аласыздар.