Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы әзірлеп жатқан 20-шы санкциялар пакеті Қазақстанға әсер етпейді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ЕуроОдақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан мәлімдеді. Оның айтуынша одақ үшінші елдерге қатысты қайталама санкциялар енгізбейді. Қолданылатын шектеулер жекелеген банктер арасындағы қаржылық операцияларға ғана бағытталады. «Қазіргі таңда Қазақстанды санкциялық тізімге енгізуге негіз жоқ»,-деді. Әрі мұнай экспортына да шектеу қойылмайтынын айтты.
Дэвид О'Салливан, Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі:
-Еуропалық Одақ Қазақстаннан жеткізілетін мұнайға ешқандай шектеу қоймаған. Қазіргі таңда қазақстандық мұнай Еуроодақтың энергия қажеттілігінің шамамен 11-12 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан біз Қазақстанның қара алтынына ешқандай кедергі келтірмейміз. Керісінше, оны жеткізудің тұрақты жүйесі біз үшін маңызды.