Таяу күндері бес бірдей Конституциялық заң Парламент қарауына түседі. Оның арасында Құрылтай, Халық кеңесі туралы құжаттар болады. Бұл туралы бүгін Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Конституциялық жаңғыру: референдумнан кейінгі диалог» атты халықаралық конференция отырысында айтылды. Конференцияға конституциялық комиссия мүшелері, заңгер-ғалымдардан өзге шетелдік мамандар да қатысты.
Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- «Халық кеңесі» туралы заң, мысалы. Халық кеңесі жұмыс істеуі үшін оған конституциялық заң қабылдау керек. Парламент, Президент туралы заң, әкімшілік-терроториялық заң, Алатау-сити заңдары. Бізде бірлескен отырыс болады Сенатпен бірге. Сонда «Алатау-ситиді» қараймыз. Бітті, жұмыс басталды. Енді тезірек сол заңдарды қабылдап, 1 шілдеге шейін біз сол заңдарды қабылдауымыз керек.