Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер

  • 10
  • 27.03.2026, 21:34

Жаңа Конституция елдің құқыққорғау саласындағы әлеуетін арттырады. Соның ішінде адам бостандығын ең жоғары құндылық деп таныды. Құжат цифрландыру дәуіріндегі азаматтың құқын қорғауды да реттейді. Бұл туралы Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Жиында зияткерлік меншік нысандарын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Белгілі болғандай, елімізде бұл бағытта қорғау және бизнесті қолдау тәсілдері қайта қаралуда. Бұрын жеті айға дейін созылатын ұзақ рәсімді қазір жеделдету көзделіп отыр. Мұндай шара кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін қолға алынған. Сонымен қатар авторлық құқық саласында ауқымды реформа басталуда. Сарапшылардың бағалауынша, бұл саладағы заңсыз айналым бірнеше миллиард теңгеге жетуі мүмкін.

Ерлан Сәрсембаев, ҚР Әділет министрі:

-  Біз құқық иеленушілердің мүдделерін заң яғни, Конституция деңгейінде қорғайтын цифрлық платформаны дайындадық. Оның аясында автордың жеке кабинеті пайда болады және сол арқылы ол өз өнімінің қанша рет қаралғанын немесе тыңдалғанын бақылай алады.