Конституцияны түсіндіру жоспары бекітілді

  • 9
  • 06.04.2026, 21:31

Үкімет 15 наурыз күні республикалық референдумда қабылданған еліміздің Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Атап айтқанда, Конституция мәтінін басып шығару әрі тарату және мүгедектігі бар жандарға арналған нұсқасын әзірлеу. Конституция электронды платформаларда орналастырылады. Сондай-ақ оқыту семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, «Құқық негіздері» және «Заң мен тәртіп» курстарын, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдарын әзірлеу жоспарланған.