Еліміздің жаңа Конституциясы – Қазақстанның құқықтық дамуының жаңа белесін айқындайтын, мазмұны мен мәні терең құжат. Ата Заңда адам құқығын қорғаумен қатар, білім алуына да жағдай жасалған. Тіпті ғылым, инновацияға да арнайы бағыт қарастырылып отыр. Белгілі саясаттанушы Жанерке Қайратқызының айтуынша, қабылданған құжаттың адам дамуына бағытталауы – оның басты ерекшелігі және құндылығы. «Сондай-ақ отбасы және некеге қатысты арнайы баптың болуы - мемлекеттің бұл салаға баса көңіл бөлітінін айқындайды», - дейді.
Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:
- Біз оны Конституцияда жазып қойғанымыз бір басқа, оны әрі қарай іске асырамыз. Қалай іске асырамыз? Бұл екінші мәселе. Енді Мәжілісте көптеген осыған қатысты мәселелер көтеріліп жатыр. Соның ішінде жұмыс жасайтын аналардың, аяғы ауыр аналардың еңбек жолын жеңілдету, отбасына көңіл бөлуді дәріптеу деген сияқты. Қазір бұл мәселелердің көтерілуінің өзі ол бір жақсы жаққа қарай өзгерістің нышаны деп ойлаймын.