Мемлекет басшысы еліміздің Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестициялар кепілдігі агенттігі арасында Қазақстанның орнықты дамуына жәрдемдесу жөніндегі әріптестік келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұдан бөлек, азаматтық авиация туралы конвенцияның кейбір баптарын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы құқықтық құжаттарға қол қойды. Сондай-ақ Президент қол қойған құжаттар арасында қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар заңы да бар.