Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі мен тақ мұрагері хат жолдады. Қос киенің сақшысы Салман ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд пен Тақ мұрагері, әрі Премьер-министр Мұхаммед бен Салман мен Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд хаттарында Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің Корольдікке қолдауы мен тілектестігін зор ризашылықпен қабыл алғандарын жазған.
Король мен Тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың тереңдігін айғақтайтын ұстанымды жоғары бағалап, барлық саладағы ықпалдастықты ортақ мүддеге сай одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растаған. Сондай-ақ Мемлекет басшысына зор денсаулық, Қазақстан халқына бақ-береке тілейтіндерін жеткізген.