Қ. Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды

Қ. Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды
  • 5
  • 08.05.2026, 18:28

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.

Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.